Көжектер

Сипаттамасы

Мультхикаяның желісі кейіпкерлердің, екі көжектің бастарынан кешкендері туралы баяндайды. Басты кейіпкерлер – бірі орман шетіндегі қояндар отбасының үйінде тұратын көжек болса, екіншісі – орманда мекендейтін қояндардың көжегі. Екеуі де епті, жайдары және өте білімпаз. Хикая тек бөлек әлемде (алаңқай мен орманда) мекендейтін қос көжектің достығы туралы баяндайды. Әрқайсысы үшін жұмбағы көп, тылсым дүниемен танысу барысында көжектер бастарынан көптеген қызықты оқиғаларды өткермек. Олардың бірі үй тұрмысынан ғана хабардар болса, екіншісі тек өз орманы туралы ғана біледі. Осылайша, көжектер бір-біріне өз «әлемдерін» көрсетіп, ондағы жөн-жосықпен таныстырады. Қос кейіпкер хиқаяттың әр сериясында кішігірім болсада, өздері үшін маңызды бір жаңалық ашып, бір сұрақтың жауабын алып, бір мәселені шешеді... Сондай-ақ, ақылды көжектер арқылы бала өзін қоғамдық орындарда қалай ұстау керек (театрда ұялы телефонын өшіріп қою, үлкенге сәлемдесу т.б) сияқты әдеппен танысады.

Жоба жетекшісі: Л. Сеңгірбекова

Продюсері:  А. Хабибуллина

Өндіруші компания: «AAT Group Media Production» ЖК

Бас режиссері: Қ. Әбдібаева

Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі, сәрсенбі

Ұзақтығы: 20 серия, 5 минут

Жиілігі: аптасына 2 рет

Аудиториясы: 3-10 жас

Жанры: Танымдық анимациялық мульттоптама

E-mail: balapantv@kaztrk.kz

 

 

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!