6-12 жас аралығындағы балалардың зейінін, ой-ұшқырлығын түрлі ойындар ойнату арқылы дамыту, пайдалы ақпараттарды игеруге ат салысу, интеллектуалдық және логикалық сұрақтар арқылы білімдерін тағы да шыңдау. Күнделікті тікелей эфирге шығу арқылы көрерменмен кері байланыс орнату.
Бағдарлама тікелей эфирде әртүрлі тақырыпта қызықты мәлімет алуға, түрлі ойындар арқылы баланың зейінін көтеріп, хабарласқан көрерменмен кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Ойынның барлық шарттарын дұрыс орындап, жеңіске жеткен көрерменге сыйлық беріледі. Бағдарламаның тұрақты бес айдары бар.Айдарлары жаңа маусым сайын түрленіп жаңаланып тұрады.
Бағдарлама атауы: «Кім тапқыр»
Аудиториясы: 6+
Жоба жетекшісі: М. Жұмабай
Продюсері: В. Тынысбекова
Өндіруші компания: өзіндік өнім
Бас режиссері: Қ. Әбдібаева
Бас редакторы: Ә. Балғабаева
Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: 25 маусымнан бастап, аптасына 5 рет
Бағдарлама саны, ұзақтығы: 142 серия, 30 минут
Жанры: Ақпараттық-танымдық, ойын-сауықтық интерактивті бағдарлама
Байланыс телефондары: 75-70-87