Ғажайып өлке

Сипаттамасы

Бағдарлама жабайы аңдар мен үй жануарлары туралы, құстар мен түрлі жәндіктер, ағаштар мен өсімдіктердің ерекшелігі мен оларға қатысты қызықты деректерді ертеден келе жатқан аңыз, қисса түрінде және ғылыми оқулықтар мен еңбектерге сүйене отырып баяндайды. Сол арқылы бала санасына қоршаған ортаның, жануарлар әлемінің, тылсым табиғаттың қасиетін терең сіңдіреді, оларға бала тілімен кеңінен мәлімет береді.

Әрбір хабар бір тақырыпқа арналады. Бағдарламасының тұрақты жүргізушісі болады. Форматы: Студия, жүргізуші, мәтін, анимация. Жүргізушінің тақырыпқа сай сөздері, онда арқау болған кейіпкерлері, жануарлар немесе өсімдік түрлеріне қатысты келтірген мәліметтері анимациямен қатар беріледі. Тақырыпқа сай әсерлі музыка, жарқын және көркем дизайн, сонымен бірге тақырыпты қосымша суретшілер қолымен, құмды анимациямен жеткізу жоспарланады. Бір сөзбен айтқанда жүргізуші бала мен көрермен бала арасында өзара байланыс орнайды, бала тілін әдемі көріністермен әрлеу арқылы оларға қоршаған орта мен тылсым табиғаттың құпиясы жеткізіледі.


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!