Этикет әлемі

Сипаттамасы

«Этикет әлемі» жобасының синопсисі

Хронометражы: 10 мин

Серия саны: 20

Жанры: танымдық бағдарлама

Тілі: қазақ

Аудиториясы: 6+

Жобаның мақсаты: Балалар бойына этикетті кішкентайынан сіңіру. Қай орында өзін қалай ұстағаны абзал екенін көрсетіп, кеңес беру.

Жобаның маңыздылығы: Мәдениет бала кезден қалыптасу керек. Бала айналасында болып жатқан оқиғаларды қабылдап, ересектердің мінез-құлықтарын қайталайды. Ал қазіргі кезде адамның көпшілік жерлерде, мәдениет ошақтарында өзін өзі ұстауы ешқандай жерде жазылып, айтылмайды, кейбір жерлерде қалыптасқан этикет заңдылықтары сақталмай жатады. Сондықтан бұл бағдарлама балаларға қоғамдық және мәдениет орындарында өзін өзі қалай ұстау керегін түсінікті, қарапайым тілмен, визуалды мысалдармен көрсетіледі. Егер бала жастайынан өзін тәртіпті, тәрбиелі ұстауға үйренсе, оның бойында әдептілік қағидалары өмір бойына сақталып қалады.

Синопсисі: Бағдарламада 2 жүргізуші болады: ұл бала мен қыз бала. Сценарий бойынша ұл қызды мәселен, театрға, кинотеатрға т.б. шақырады. Ал қыз үстіне не киерін білмей қобалжиды. Сол кезде тотықұс (графика, анимация, мүмкін қуыршақ) ұшып келіп, оларға көмектеседі. Тотықұс - сиқырлы құс, ол қанатын сермеу арқылы балаларды басқа кеңістікке өткізе алады, баратын жерге сай киім таңдап бере алады, ақыл-кеңес айтып, қателіктерін жөндеп отырады. Жүргізуші балалар мәдениет және қоғамдық ортада ережелер мен тәртіпті сақтай отырып, өз тәжірибесімен көрсетеді. Бағдарламада мәдениет ордасының, көпшілік орындардың кейбір ерекшеліктері мен жұмыс істеу процесінен қызықты жайттарды баяндайтын сюжет болады, ол анимациямен, графикамен әрленеді.


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!