Еркетай

Сипаттамасы

Кейіпкерлер кішкентай көрермендерді  көңілді әуен ырғағымен жол ережелері, қауіпсіздік шараларымен таныстырады, жаттығу жасауды үйретеді  және  әліппемен таныстырады.

Музыкалық шығармалар балалардың танымдық дағдыларын  дамытуға және музыкалық  білімін жетілдіруге ықпал етеді. Көңілді әуен мен караоке мәтіні балалардың мектепке дейінгі оқу дағдыларын қалыптастырады.  Қысқа мәтінді әндер уақытты көңілді өткізіп, бүлдіршіндердің есте сақтау қабілеттерін шыңдайды.

Техникалық  жүзеге асуы

Бейнебаяндарда жалпы сюжеттік жүйе болмайды, әр бейнебаян  жеке шығармашылықты білдіреді. Бейнебаяндардың  басталуы мен стилистикасы, анимациясы  мен   кейіпкерлері  ғана бірдей болады.  Бейнебаяндарда караоке мәтіні қарастырылған. Яғни, әннің  мәтіні   бейнебаянның төменгі  жағында балалар оқып, қайталайтындай  көрініп тұрады. 

Жанр: Музыкалық-танымдық бағдарлама

Жалпы саны: 40

Ұзақтығы: 5 минут  

Аудиториясы: 0-10 жас

Технологиясы: – 2D-анимация.         

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!