Бірге ойнайық!

Сипаттамасы

Басты ерекшелігі – жүргізушісі мүмкіндігі шектеулі адам бола тұра қоғамның белсенді мүшесі. Бағдарламаның мақсаты – кішкентай көрермендерге мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамның тең мүшесі екенін жеткізу және олардың «ерекшеліктеріне» көз үйрету.

Бағдарлама 3 айдардан тұрады. Ерекше қажеттілігі бар жүргізуші дамыту ойындары арқылы ойын-сауық ұйымдастырады. Бағдарлама қонақтары әлем аралап, өздерін түрлі маман өкілі ретінде сынап көреді (түсірілім хромакеймен жүзеге асырылады).

Бірінші айдар – «Көзсіз сурет» деп аталмақ.

Жүргізуші мен балаға жануар немесе қандай да бір заттың атауы беріледі. Көздері байланған қатысушылар аталған заттың сол заттың суретін салуы керек. Кімнің суреті жақсырақ шықса, сол жеңімпаз атанады.

Екінші айдардың атауы – «Мен кім болам?».

Жүргізуші балалардан болашақта қандай маман болғылары келетінін сұрайды. Балалардың ер жеткенде қандай мамандық игеріп, кім болғылары келетіндігі сұралады. Олардың жауаптарына сәйкес хромакеймен қажетті декорация қойылып, полиция қызметкері, ауа-райы болжамы жүргізушісі рөлдерінде балалар өздерін сынап көреді.

Үшінші айдар – «Жер жүзін шарлайық!».

Балаларға бір ел атауы беріледі. Сол ел жайында олар бар білгенін айтады. Ал жүргізуші балалардың жауаптарын қызық әңгіме және деректермен толықтырады. Бір ел атауы беріліп, балалар сол ел жайында бар білгендерін айтады.

Хронометражы: 15 минут

Серия саны: 15

Жанры: ойын-сауықтық бағдарлама

Тілі: қазақ

Аудиториясы: 6+


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!