Баламен сұхбат

Сипаттамасы

«Баламен сұхбат» бағдарламасында балалар елімізге белгілі, өмірі мен еңбек жолы ұрпаққа үлгі боларлық тұлғалармен қызықты сұxбат құрады.

Бұл бағдарламада балалар кино, әдебиет, театр, білім, ғылым, медицина, спорт, музыка салаларының танымал тұлғаларымен сұхбаттасады. Жоба ток-шоу форматында студияда түсіріледі. Жүргізуші көрермендерге кейіпкер туралы шағын мәлімет беріп, арнайы дайындалаған сюжетті көрсетеді. Студияға келген қонақ балаларды қызықтырған  сұрақтарға жауап беріп,  еркін әңгіме-дүкен құрады. Эфир соңында жүргізуші қорытынды бес сауал қойып, бағдарлама кейіпкердің балаларға арналған тілегі және  құнды кеңесімен түйінделеді.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!