Байқа, балақай!

Сипаттамасы

Әр ата-ана баласының қауіпсіз ортада өмір сүргенін қалайды. Дегенмен бүгінде бала қауіпсіздігі қоғамды қатты алаңдатып отырған мәселелердің біріне айналғаны рас. Төтенше жағдайлардан бастап, жеткіншектер арасындағы әлімжеттік, түрлі әлеуметтік желілер арқылы таралып жатқан зиян әдеттер, тіпті ересектер тарапынан зорлық-зомбылық жасау фактілерін жиі естіп те, оқып та жатамыз. Бұл – қоғамның ең кішкентай мүшелері жеткілікті деңгейде қорғалмауының, өзін-өзі қалай қорғау керегін білмеуінің айқын дәлелі. Сондықтан баланың өзіне ғана емес, ата-анасына да осындай жазатайым жағдайлардың алдын алуға көмектесетін, жан-жақты ақпарат беретін, есте сақтауға оңай әлеуметтік-танымдық бейнероликтер арқылы оң әсер ету.

Мақсаты: түрлі ситуацияларда баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларды қарастыру; төтенше жағдайда жүзеге асыратын шаралармен таныстыру; балаларға қауіпсіздік ережелерін барынша қызықты етіп түсіндіру; құтқарушы мамандармен таныстыру; ата-аналарға бала қауіпсіздігін күшейтуге көмектесу;


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!