Алтын қазық

Сипаттамасы

Бағдарламаның форматы мен құрылымы авторлық жұмыс болып табылады. Ол Этно-танымдық бағдарлама тұсаукесер, жыланқайыс, байғазы, бәсіре, ақжолтай, көгентүп, шашу, сауға, танабау, байрақ аталатын 10 бөлімнен тұрады. Әр бөлім 4 сатыдан құралған. Олар: 1. өткенге шолу (бірінші бөлімінде бұл таныстыру болады ), 2. негізгі жарыс, 3. қонақ кәде, 4. кешкі сырласу. Мұнан бөлек бағдарлама арасында кіріктірілетін эпизодтар мен үзіктер бар.

Негізгі жарысқа ұлдардан – 8, қыздардан – 8 болып, жиыны – 16 адам қатысады. Бұлар 4 ұл, 4 қыздан бірігіп, 1 команданы құрайды. Осы есеппен жарыста 2 команда өзара жарысады.

Жарыс әр бөлімнің ретімен ұл-қыздар арасында төмендегідей құрылған:

Ұлдар – асық ату, байлаудың түрлері, атты мамағашқа байлау, шалма тастау, желі тарту, бұзау байлау, ат абзелдерін тану, ноқта түю, арқан есу, тай үйрету, тай ерттеу, тай тұсау,  тай жарыс, қамшы өру, киіз үй тігу; қыздар –  ұлттық ыдыс түрлерін тану, кесте тігу, құрт жасау, ұршық иіру, жүн түту, жүн сабау, оқтаумен нан жазу, сиыр сауу, май шайқау, қарынға май түйреу, ішек өру, жент жасау, шаш өріп,  шолпы тағу, киіз тігу.

 

Бағдарлама атауы: «Алтын қазық»

 

Аудиториясы: 6+

 

Жоба жетекшісі: М.Жұмабай

 

Бас продюсері: С.Кенжебаева

 

Продюсері:  В. Тынысбекова

 

Өндіруші компания: «Dosmedia» ЖК

Бас режиссері: Қ. Әбдібаева        

 

Бас редакторы: Ә. Балғабаева

 

Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі 14:45

 

Қайталауы: дүйсенбі 19:45, жексенбі 12:30

 

Бағдарлама саны, ұзақтығы: 10 серия, 45 минут, күнделігі - 5 минут;

 

Жанры: этно-танымдық                          

 

Байланыс телефондары: 75-70-89

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!