Әжемнің ертегісі

Сипаттамасы

Жобаның мақсаты: Балаларды рухани құндылықтарға, қазақы дәстүрге, отансүйгіштікке, адалдыққа, ұқыптылыққа, тәртіпке, жалпы жақсы қасиеттерге баулу.

Кешкі ертегілер – балалар арнасындағы классикалық бағдарламалардың бірі. Әженің ертегісі қазақ халқында ежелден келе жатқан дәстүр. Дәстүр сабақтастығын жалғастыру мақсатында бағдарлама атауы мен формасына биыл өзгеріс енгізілді.

Бір үйдің кішкентай ұлы мен қызын күнде кешкісін әжесі бағады. Олар бірге ойын ойнайды, сурет салады, қолдан түрлі ойыншықтар жасайды. Сол өздері жасаған ойыншықтардан әжесі ертегі құрастырып айтып береді. Кейде әжесі қолға киілетін түрлі қуыршақтар тігеді. Немерелері де үйреніп, қуыршақтарды бірге жасайды. Ұйықтар алдында әжесі қуыршақтарды қолына киіп, түрлі ертегі кейіпкерлеріне айналып, даусын мың құбылтып ертегі айтады. Ертегілердің тәрбиелік мәні зор – балаларды білімге құштарлыққа, отансүйгіштікке, ұқыптылыққа, жақсы қасиеттерге баулиды. Ертегіден соң ұйықтау мәдениетін қалыптастыру да осы бағдарламада дәріптеледі.

Ұзақтығы: 10 минут

Жанры: танымдық бағдарлама

Бағдарлама саны: 50

Тілі: қазақша

Аудиториясы: -6

Өндіріс: «ASEM» ЖК


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!