А4

Сипаттамасы

«А4 (Ағайынды төртеу)» жобасының басты кйіпкерлері Ескендіровтер отбасы. Отағасы Ақылбек жұмыс бабымен Астана қаласына көшіп келеді. Отанасы Роза ханым көпбалалы ата-аналардың қатарында. Олардың төрт ұлы бар. Төртеуінің мінезі, талғамы, болмысы көзқарасы төрт түрлі. Бұл әулеттің басқалардан ерекшелігі – көпшіл, қонақжай, айналасындағы жандарға көмектесуге дайын тұрады.

Ақылбек мырза – әскери қызметкер. Ол үшін тәртіп бірінші орында. Кейде балаларына қатардағы жауынгерге қарағандай талап қояды. Бірақ жүрегінің түкіпірінде өте мейірімді адам. Ал, Роза апаның мамандығы – аспаз.

Үйдің тұңғышы – Арман. Көңілшек бала, бәрін жүрегіне жақын қабылдайды. Биыл төртінші курсты тәмамдап, жұмыс бастап жүр. Негізі, мамандығы – ветеринар. Себебі, осы мамандық бойынша ғана грантқа түсуге мүмкіндігі болған. Ал, арманы – актер болу.  Кастинг, КВН ойындарынан қалмай жүрген оның болашақта  жұлдызы жанатын сияқты...

Екінші ұл – Азамат . Оныншы сыныпта оқиды. Тамаша блогер. Әлемде болып жатқан жаңалықтарға пікір білдіріп, өз блогын жүргізеді. Ел-жұртқа ақыл айтып, филосиофияық дәріс оқуға да бейім. Арманның пиар менеджері. Азаматтың блогы күннен-күнге танымал бола түседі. Бірақ, пайдалы болғандықтан емес, күлкілі болғандықтан.

Үшінші ұл –Асхат. 6-сыныпта оқиды. Ол – боксшы. Кумирі – Генадий Головкин. Басқа ағаларына қарағанда мінезі ауырлау. Жеке жаттықтырушысы – әкесі. Өте әділ бала. Сондықтан, екі ағасының кейбір бұзықтықтарын ата-анасына айтып береді, кейде «айтып беремін» деп қорқытып, бопсалайды.

Төртінші балақай – Ахмет Тілі енді шығып келе жатқан, 3 жасар бүлдіршін. Оның міндеті – бүлдіру, сындыру, еркелеу, ағаларының жоспарын бұзу. Әкесі Ахметтің өз ізін жалғап, әскери маман болғанын қалайды.

Жанр: ойын-сауықтық

Хронометраж: 20 минут

Саны: 30 шығарылым

Телеаудитория: 6+

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!