📣«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Balapan» телеарнасы 4 қазан мен 15 қараша аралығында аутсорсинг компаниялар арасында 2024 жылға байқау өткізеді
Байқауға қабылданатын жобалардың жанрлық бағыты:
▪️оқу-танымдық анимациялық сериалдар (экологиялық сауат; тұлғатану; жалпы сауат ашу; ағартушы-энциклопедиялық; қауіпсіздік ережелері; табиғаттану; жаратылыстану; тарих);
▪️музыкалық анимациялық сериалдар;
▪️ойын-сауықтық анимациялық сериалдар;
▪️шытырман оқиғалы анимациялық сериалдар;
▪️телехикаялар;
▪️ситкомдар;
▪️оқу-танымдық бағдарламалар;
▪️ойын-сауықтық бағдарламалар;
▪️спорттық жобалар
▪️отбасылық шоулар;
▪️медициналық бағыттағы бағдарламалар;
▪️қиял-ғажайып (фэнтези) жанрындағы жобалар;
▪️ғылыми-танымдық бағдарламалар;
▪️балалар қауіпсіздігіне арналған жобалар;
▪️музыкалық жобалар.
Байқауға қатысушы компанияның телевизия саласында өндіріс тәжірибесі болуы шарт. Қатысушы компаниялар электронды поштаға жоба концепциясын жіберуі керек. Екінші кезеңге өткен компаниялардан жобаның пилоттық нұсқасы талап етіледі.
📌Өтінімдер 2023 жылғы 4 қазаннан 15 қарашаға дейін korkemdikkenes@balapan.tv электронды поштасына қабылданады.
«Balapan» телеарнасы көркемдік кеңес талқысынан өткен жоба авторларына ғана хабарласатынын мәлімдейміз.