07 тамыз 2023 жыл

«Balapan» телеарнасы «Менің сүйікті кейіпкерім» сурет байқауын жариялайды

«Balapan» телеарнасы «Менің сүйікті кейіпкерім» сурет байқауын жариялайды


📌«Balapan» телеарнасының туған күніне орай ұйымдастырылған байқаудың шарттары:

🔍Байқауға 5-10 жас аралығындағы балалар қатыса алады;

🔍Арнамызда көрсетілетін анимация мен телехикаялардың сүйікті кейіпкерлерін өз қиялыңа қарай қағаз бетіне түсіруің қажет;

🔍Қатысушы суретті өз қолымен салуы керек;

🔍Суреттің электронды нұсқасы baiqau@balapan.tv поштасында қабылданады;

🔍Суреттің түпнұсқасын «Balapan» телеарнасының мекенжайына жолдау керек (Астана қ., Қонаев көшесі, 4);

🔍Қатысушы суреттің келесі бетіне өзі туралы толық ақпаратты жазуға тиіс (аты-жөні, жасы, мектебі, мекен жайы, ата-анасының телефон нөмірі)

🎉Байқау жеңімпаздарына арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Суреттер 2023 жылғы 31 тамызға дейін қабылданады.

Қосымша ақпарат үшін 📲87172 75-70-89 нөміріне хабарласуға болады.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!