12 шілде 2020 жыл

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады

2020 жылдың 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады. 

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасын «Qazaqstan» ұлттық арнасы 11.55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді.

Аза тұту күнінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле,-радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді. Барлық ойын-сауықтық бағдарламалар алынып, жарнамалық контент толығымен тоқтатылады. Бұрынғы кестеден тек ақпараттық бағдарламалар ғана эфирге шығады.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!