«balapan» телеарнасының жүргізушілерге арналған кастинг ережесі
(жеке компанияларға)
1. Кастинг алдындағы іріктеу:
- кастинг кезеңдері толықтай түсіріліммен болуы міндетті;
- кастингке 6-12 жас аралығындағы балалар қатыса алады;
- ең алдымен іріктеу әділ өту мақсатында қатысушы әр балаға арнайы нөмір беріледі (аты-жөні жазылмайды);
- негізгі кастинг алдындағы іріктеуде балалар көркемсөз жатқа айтып, арнайы мәтін оқып, бағдарлама бағытына байланысты (ғылым,спорт, өнер, жаратылыстану, турзим) сұрақтарға жауап береді.
- іріктеу кезінде продюсер қатысушыны толықтай тыңдап болмастан тоқтатуға құқылы;
- тыңдап, көру қорытындысы бойынша ең үздік деген балалар нөмірлері бойынша негізгі кастингке шақырылады.
- кастингке қатысқан балалардың суреттері «balapan» арнасының сайтына, әлеуметтік желілеріне жарияланып отырады;
2. негізгі кастинг
- екінші кезеңге өткен балаларға бағдарлама сценарийі беріледі. Мәтінді игеріп, камерада алдында жұмыс істеуін бақылаймыз.
- негізгі кастинг түсірілімі «balapan» телеарнасының басшылық құрамымен талқыланады.
3. Қорытындыны жариялау
- негізгі іріктеудің қорытындысы «balapan» телеарнасының сайтына, әлеуметтік желілеріне жарияланады;
- қорытынды нәтижесінде кастингтен өткен балалар туралы қысқаша ақпарат беріледі;