14 ақпан 2018 жыл

"balapan" әкелер арасында кастинг жариялайды

Құрметті ӘКЕЛЕР! Бұл мүмкіндік – сіздер үшін!

Балаңызбен (ұл)  ойнап, қызықты тапсырмаларды орындап, уақытты көңілді өткізіп, балалық шағыңызға саяхат жасағыңыз келсе, КАСТИНГКЕ міндетті түрде қатысыңыз!!!
Ол үшін ұлыңызбен бірге 1-1,5 минуттық бейнеүзік (видео) түсіріп,  жолдаңыз! Мына сұрақтардың жауабы қамтылуы тиіс:
Аты-жөнім...
Менің балам ( балаңыз туралы айтып беріңіз)....
Менің әкем (бала әкесі туралы айтып береді)....
Сүйікті ісіміз...
Бос уақытта...
Үміткерге  қойлатын талаптар:
Қазақ тілінде еркін, таза сөйлеу;
Импровизация жасай алу;
Баланың тілін таба білу (әкелер үшін);
Жасы:  әке -40 жасқа дейін, бала 8 жасқа дейін

Үміткерлер бейнеүзікті #БалапанӘкеМенБала хэштегімен Instagram, Вконтакте және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына 20-ақпанға дейін жүктеу керек. Сонымен қатар, balapantv@kaztrk.kz эл.поштасына да жолдауға болады. Қосымша ақпаратты 8(717) 2 55-34-16 немесе 55-32-62 телефон нөмірлері арқылы біле аласыздар.

 

 

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!