Эфирде Аека

Сипаттамасы

«Balapan» арнасы «Эфирде Аёка» бағдарламасын ұсынады

Жобаның мақсаты – балаларға адамнан өзге тіршілік иелеріне де ізгілікпен қарауды түсіндіріп, жануарлар әлеміне саяхат жасау.

30 бөлімнен тұратын бағдарламаның әрқайсында жануарлар әлеміне қатысты жеке дара оқиға өрбиді. Жануарлардың дауысын кәсіби дубляж актерлері дыбыстайды.

Түсірілім Алматы қаласында өтті. Басты рөлде танымал блогер Аяна Бауыржанова ойнайды, ал оның ұстазының рөлін актриса Мадина Оспан сомдайды.

Хронометражы: 10 минут

Серия саны: 30 серия

Жанры: ойын-сауық бағдарлама

Тілі: қазақ

Аудиториясы: 6+


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!