Балапан және оның достары

Жоба бейнелері

Сипаттамасы

Жоба жетекшісі: Ләйлә Сұлтанқызы

Продюсерлері:  Гүлзат Алтынбекқызы, Ескендір Рысақов

Өндіруші компания: «ЫРЫСЫ АҚ ҚАЗАҚСТАН» ЖШС

Бас режиссері: Қарлығаш Әбдібаева

Ұзақтығы: 10 минут (50 серия)

Жанры: танымдық, анимациялық

Байланыс телефоны: 8 (727) 293 77 22 (ішкі 1271)

E-mail: balapantv@kaztrk.kz

«Балапан және оның достары» мультхикаясының жаңа маусымда  балапан жаңа дос табады.  Ол - күшік.

Мультхикаяда балапан, қошақан, ботақан, бұзауқан, құлыншақ және  күшік қызықты ойындар ойлап тауып, әртүрлі оқиғаларға тап болады. Сұрақтардың жауабын білу үшін ақылды ұлудың көмегіне жүгінеді.

Жоба мақсаты - балаға әлеуметтік болмысты ойын түрінде үйрету, оқытуда ойын элементтерін тиімді пайдалана отырып, оң нәтижеге қол жеткізу. Сүйікті кейіпкерлерінің сөздерін қайталау, белгілі бір нәрсе туралы ойланып, толғану – ақпаратты түсінумен қатар құрбы-құрдастарының арасында кейіпкерлерімен болған жағдайды талқыға салып, әрі қарай өрбітуіне жол ашып, ойлау жүйесін қалыптастыру.

Олар бала сияқты қарапайым сұрақтар қояды, құлайды, сүрінеді, ойнайды, өздерін емін-еркін ұстайды. Үнемі әріптер мен заттарды тауып алып, әр санында сол туралы сөйлеседі. Яғни, мультсериал арқылы балаға  өз ойын жеткізуді үйрету, танымын кеңейту, ой-өрісін дамыту мақсат етіледі.

Бұл мультфильмді көру арқылы бала санауды үйренеді, басқа да қажетті дағдылар меңгереді. Айналасымен танысып, қарым-қатынасқа түсіп, өзіне деген сенімділігін арттырады. Дүниетанымын кеңейтуге бағытталған әлеуметтік, өмірлік дағдыларды игереді. Сондықтан, бұл мультсериалдың бала тәрбиесі үшін маңызы зор болмақ.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!