Теңбіл доп

Сипаттамасы

Балаларға арналған 15 бөлімнен тұратын  спорт туралы  алғашқы телехикаямызды назарларыңызға ұсынамыз. Бұл хикаяда кейіакерлер футбол арқылы қиындықтарды жеңіп, жеңіс жолы мен  өмір жолын өздері қалыптастырады. Жас жеткіншектердің басынан өткен  қызықты әрі шытырман оқиғаға толы бұл телехикая көрермен көңіленен шығады деген ойдамыз.

Жарты жыл бұрын Алматы қаласындағы ұлттық құраманың бапкерлігінен айырылып қалған Мақсатқа, жас-жеткіншектерді даяарлауды тапсырады. Қайта ұлттық құраманың бапкерлігін қолына алу үшін, жас футболшыларды бар ынтасымен дайындауға кіріседі. Жас жеткіншектерді дайындамастан бұрын команданы жинау, табиғатынан балаға деген жақындығы болмаған Мақсат үшін қиынға соғады. Бірақ ол өзінің ойынымен көзге түскен 3-4 баланы іріктеп, футболға деген икемі бар сыртта ойнап жүрген дарынды балаларды  жасақтап «жас жеткіншектер» футбол командасын құрады.

Олар бапкерінің сенімінен шығып, маңызды турнирге жолдама ала алар ма екен? Оны бірге көрейік.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!