«Тәуекел» спорт додасы

Сипаттамасы

Тәуелсіз елімізге білімді, саналы, парасатты адамды тәрбиелеу үшін ұшқыр ойлы, тәні таза, денсаулығы мықты, адал да терең білімді шәкірт тәрбиелеу басты міндет. Реалити шоуды көрген әр баланың көңіл-күйі көтеріліп қана қоймай, белсенділігі артып, ол да ата-анасы, бауырларымен сондай ойындар ойнағысы келетін болады.

Ойынға спортқа бейім, алғыр 4 бала әкесі немесе анасымен топ болып қатысады, барлығы 8 ойыншы (ағасы, тәтесі, туысы да болуы мүмкін). Даладағы заманауи декорациямен жабдықталған ойын алаңқайында ойыншылар 6 түрлі кедергілерден өтеді. Ойын көңілді, қызықты бола түсу үшін жүргізушіден тыс алаңқайларға актер тартылады. Жақсы ойын көрсетіп жеңіске жеткен екі топ келесі айналымға өтеді.

Ұзақтығы: 20 минут

Жалпы саны: 16 серия

Жанры: спорттық реалити-шоу

Тілі: қазақ

Аудиториясы: 6+

Жиілігі: аптасына 1 рет

Өндіруші: «Студия ТТЗ» ЖШС

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!