Кемеңгер клубы

Жоба бейнелері

Сипаттамасы

Мақсаты: үйлесімді және жан-жақты дамыған тұлғаның, Қазақстанның болашақтағы интеллектуалды элитасын қалыптастыру.

* Өскелең ұрпақ арасындағы білім қууды насихаттауды, біліктілікті арттыруды және ағартушылықты жандандыру.

* Балалар мен жасөспірімдер аудиториясына сыни ойлай және талдау білетін қатарластарын көрсету.

* Балалар мен жасөспірімдер аудиториясын жоғары білімді болуға ынталандыру және ағартушылыққа баулу.

* Атақты ғалымдар ағымының өскелең ұрпаққа ауысатындығын, жастардың ізгі жолды жалғастыратындығын көрсету.

* Арна аудиториясын тартымды шоуды тамашалауға тарта отырып, интеллектуалды командаларға жанкүйер болуға шақыру.

Бағдарлама интеллектуалды викторинаға негізделген, онда Оқушылар командасы мен Академиктер командасы бақ сынасады. Оқушылар командасы: астаналық жеке және мемлекеттік мектептердің оқушылары. Академиктер командасы: ҚР ұлттық ғылым Академиясының қазіргі академиктері, Назарбаев-Университетінің және еліміздің басқа да үздік ЖОО-ның профессорлық-ұстаздық құрамы өкілдері. Жобаға қатысу үшін іріктелген мектептер бес оқушыдан тұратын алты топ (ұл және қыз) ұсынады. Мектеп оқушыларының алты тобының әрқайсысы Академиктер командасының сұрақтарына жауап береді. 

Әр бағдарламада білімнің таңдалған саласы бойынша алты сұрақтан қойылады: жаратылыстану, тарих және гуманитарлық ғылымдар, жалпы білімдер. Академиктердің сұрағына оқушылардың бір минут ішінде жауап берулері керек. Алты ойынның нәтижесі бойынша келесі кезеңге оқушылардың үш тобы, содан соң екі тобы өтеді, ал ақтық сайыста оқушылардың бір тобы қалады. Сол топ ойынның қорытынды кезеңінде  танымал ғалымдардан оза ала ма екен?

Хронометражы: 20 минут.

Шығарылым саны: 12.

Жиілігі: аптасына бір рет.

Форматы: студиялық шоу.

Аудиториясы: 12+

 

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!