Жобаның мақсаты: Түрлі жағдайларда баланың өзіне деген сенімін сақтауға бейімдеу, пайда болған мәселелерді баланың өз деңгейінде дұрыс шеше алуына көмектесу. Оның бойындағы енжарлық, еріншектік секілді жағымсыз қасиеттерімен күресу, сауатты да салауатты азамат болып өсуіне оң ықпал ету.
Бағдарлама балаға күн тәртібін құруға, дұрыс дағдыларды қалыптастыруға шақырады. Яғни бір баланың мысалында тайм менеджменттің маңыздылығын көрсетіп, әр күннің жемісті болатынына көрерменнің көзін жеткізуді көздейді.
Бала үй тапсырмасын орындауы керек. Бірақ оған аса құлқы да жоқ. Осындай сәттерде баланы ынталандырып, үй тапсырмасын шаршамай орындауға болатынын түсіндіріп, оны кішкентайынан еңбекке баулу маңызды. Әр баланың бойында ерекше талант бар. Бастысы оны шыңдай білу.
Ұзақтығы: 3 минут
Жалпы саны: 20 серия
Жанры: әлеуметтік-танымдық бағдарлама
Тілі: қазақ
Аудиториясы: 6+
Жиілігі: аптасына 2 рет
Өндіруші: «Film-Tech» ЖК