Miss Kaussar

Сипаттамасы

Жобаның мақсаты: Балалардың ағылшын тілін белсенді меңгеруі уақыт талабы және ол еліміздің әрбір азаматына шексіз жаңа мүмкіндіктер ашады. Хабардың басты мақсаты көпке қолжетімді телевизия мүмкіндіктерін пайдалана отырып, британиялық оқу әдістемелеріне сәйкес кішкентай көрерменнің әлем сөйлейтін тілге деген қызығушылығын арттыру.

Жобаның маңыздылығы: Баланы шет тілінде қарым-қатынас жасап, сөйлеуге ерте жастан үйрету қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Ғалымдардың зерттеуінше, адам бала күнінде тілді қиналмай еркін меңгереді. Хабардың басты басымдықтары: бәсекеге қабілетті, мәдениетті, жан-жақты, рухани дүниесі бай жеткіншектер тәрбиелеп шығару.

Ұзақтығы: 7 минут

Жалпы саны: 30 серия

Жанры: танымдық бағдарлама

Тілі: қазақ

Аудиториясы: 6+

Жиілігі: аптасына 1 рет

Өндіріс: «Zircon» ЖШС

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!