Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «Күлше қыз» ертегісін сахналауда (ВИДЕО)

Елордадағы театрлардың репертуарлары балалар қойылымымен толықты. Мәселен, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «Күлше қыз» ертегісін сахналауда.
Режиссері - Жұлдызбек Жұманбай. Күлше қыз – өгей шешесі мен оның екі қызынан теперіш көріп, өз үйінде өзі күң болған мейірімді де сұлу қыз. Күндердің күні патша сарайында жас бикештерге арналған сауық кеші өтеді. Күлше қыз да сол кешке барғысы келеді. Бірақ, жетімдік аяғына тұсау болады. Соңында қайырымды Пері үстіне әдемі көйлек, жылтыраған шыны кебіс кигізіп, сыйқырлы күймемен сауық кешіне жібереді. Күлше қыздың қызыққа толы хикаясы мен жаңажылдық тосынсыйға толы ертегі жас көрермендерге қуаныш сыйлайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25
«Balapan» арнасында жаңа мультхикая
03.02.2025, 09:00
🏆 «Balapan» телеарнасы – «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық марапатына ие болды
16.01.2025, 20:00