Басты Жаңалықтар Астанада балалар мен жасөпірімдер арасында блицтен шахмат турнирі өтті

Астанада балалар мен жасөпірімдер арасында блицтен шахмат турнирі өтті

Астанада балалар мен жасөпірімдер арасында блицтен шахмат турнирі өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу құрметіне Астана әкімдігінің қолдауымен Астанада балалар арасында блицтен шахмат турнирінің салтанатты ашылуы өтті. Турнирдің ұйымдастырушылары - елордалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы және қалалық шахмат мектептері.

Шараның салтанатты ашылуында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, ФИДЕ президенті Кирсан Илюмжинов, 12-ші Әлем чемпионы Анатолий Карпов, шахмат әлемінің басқа да белгілі тұлғалары болды.

Шахмат жарысына 8, 14 және 18 жас аралығындағы 6 жас тобында 90-ға жуық бала қатысуда.

Шараға Әлем чемпиондары Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдумәлік те қатысты. Жансая Әбдумәліктің айтуынша, аты аңызға айналған шахматшылармен бір алаңда болу балаларды жеңіске жетуге ынталандырады, патриоттық сезімге тәрбиелейді. Турнир шеңберінде сұхбат берген Жансая Катарда өтетін әлем чемпионатына дайындалып жүргенін және әлемдік деңгейде Қазақстанның атын шығару үшін бар күшін салатынын жеткізді.

Турнир ФИДЕ ережелері бойынша швейцариялық жүйемен 11 турмен өтті. Жалпы есепте жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері 6 жас тобы бойынша бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

 

 

www.astana.gov.kz

Бөлісу