Басты Жаңалықтар Қазақ баласы Лас-Вегаста өткен халықаралық Олимпиаданың чемпионы атанды

Қазақ баласы Лас-Вегаста өткен халықаралық Олимпиаданың чемпионы атанды

Қазақ баласы Лас-Вегаста өткен халықаралық Олимпиаданың чемпионы атанды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен «Memoriad Las-Vegas – 2016» халықаралық интеллектуалды Олимпиадада ментальды арифметикадан қазақстандық Ердәулет Мәди алтын алды. Ол 27 мемлекеттен келген қарсыластарынан оза шауып, 29,551,420 балл жинаған.

Ердәулет Мәди 2007 жылы туған. Бұл Олимпиадаға жолдаманы 2016 жылдың 12 маусымында ІІ республикалық ментальды арифметика Олимпиадасынан жеңіп алған еді. Мәдимен бірге қатысқан алматылық Марғұлан Байжақып 10-шы, Степногорск қаласының тұмасы Азиз Камелдин  21-ші орын алды.

Мәди ертең таңғы 6:10-да елге оралады.  Оны Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы салу жоспарлануда.  

Айта кетейік, «Memoriad» - есте сақтау, ойша есептеу және жылдам оқу бойынша 4 жылда бір рет өткізілетін бүкіләлемдік Олимпиада. Оған 148 мемлекет тіркелген. Қазақстан бұл Олимпиадаға биыл 1-ші рет қатысты.

www.kazpravda.kz.

Бөлісу