Басты Жаңалықтар 29 қазанда Алматыда «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан–Алматы» фестивалінің марапаттау рәсімі өтеді (ВИДЕО)

29 қазанда Алматыда «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан–Алматы» фестивалінің марапаттау рәсімі өтеді (ВИДЕО)

29 қазанда Алматыда «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан–Алматы» фестивалінің марапаттау рәсімі өтеді (ВИДЕО)

2016 жылдың ақпан айынан бастау алған балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына арналған «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан–Алматы» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Жобаға еліміздің барлық аймағынан 6500 үміткер қатысып, 500-і жеңімпаз атанды.

Марапаттау рәсімі 29 қазан 11:00-де Алматы қаласында болады. Аталмыш шара аясында байқауда іріктеліп алынған үздік жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылады.  

Айта кетейік, «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан» ұлттық жобасы 1999 жылынан бері ойдағыдай жүзеге асып келеді және осы жылы өзінің 17 жылдығын атап өтеді. 

2010 жылдан бері жоба әлем деңгейіне шықты, ал, 2013 жылы «Балалар әлемді бейнелейді. ТЮРКСОЙ» альбомын шығарды. Альбом 2016 жылдың қыркүйегінде Мәскеуде өткен «Кітап өнері» ТМД мемлекеттер-қатысушыларының байқауында «Балаларға және жасөспірімдерге арналған кітап» номинацисы бойынша жеңіске ие болды.

 

Бөлісу