«Балапан жұлдыз» жобасының тұсауы кесілді (ФОТО)

Бүгін Алматыда «Балапан жұлдыз» жас таланттар байқауының қорытындысы бойынша көрерменге жол тартатын жаңа бағдарламаның тұсауы кесілді. Жоба 1-ші қазаннан бастап «Қазақстан» және «Балапан» телеарналары арқылы көрсетіледі. Мақсат - еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас таланттарды жарыққа шығару.
Байқаудың ерекшелігі - түрлі жанрлардың қамтылуында. Осыған дейінгі тәжірибемізде болмаған балет өнері, классикалық музыка аспаптарында ойнау, ерекше жанрларда өнер көрсету, яғни, цирк өнері. Цирк өнерін меңгерген кішкентай таланттар «Балапан жұлдыз» байқауының бас жүлдесінен үмітті. «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова баспасөз мәслихаты барысында алғаш рет қолға алынып отырған жобаның жалғасын табатынын атап өтті.
Суреттерді Ұлттық арна сайтынан көре аласыздар.