Басты Жаңалықтар Астанада «Балапан» телеарнасының туған күніне арналған мерекелік шара өтіп жатыр (ФОТО)

Астанада «Балапан» телеарнасының туған күніне арналған мерекелік шара өтіп жатыр (ФОТО)

Астанада «Балапан» телеарнасының туған күніне арналған мерекелік шара өтіп жатыр (ФОТО)

Бүгін «Балапанның» 6 жасқа толуына орай, Астана қаласындағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында мерекелік шара өтіп жатыр.

Алғашқы бөлімде бүлдіршіндер «Сәлем, Астана!» мультхикаясының әнін орындап, сайысқа түсті. Темір тұлпарды тізгіндеген 6 балғын шабандоздық қабілеттерін сынап көрді. Сайыс соңы марапатқа ұласты. Жеңімпаз «Балапанның» ерекше сыйлығына ие болды.

Одан кейін «Ойлан, тап!» бағдарламасының жүргізушісі Риза Данияр сайқымазақ бейнесіне кіріп, көрермендерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, бүлдіршіндер цирктен арнайы әкелінген маймылдың өнеріне тәнті болды.  

Мерекелік тарту сабын көпіршіктерін тамашалаумен жалғасын тапты.

Айта кетейік, аталмыш шара «Алақай, туған күн!» тақырыбымен «Балапан» телеарнасында тікелей эфирге шығуда. Келесі тікелей эфирді 16:50-де көре аласыздар.

 

Суреттерді Ұлттық арна сайтынан тамашалай аласыздар. 

Бөлісу