«Қазақстан» және «Балапан» телеарналарынан балалар өнерін насихаттауға арналған жаңа жоба шығады

1 қазаннан бастап «Қазақстан» мен «Балапан» телеарналарында жаңа «Балапан жұлдыз» бағдарламасы шығады.
26 қыркүйек күні сағат 12:00-де Алматы қаласында «Балапан жұлдыз» жас таланттар байқауының тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Шараға «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова, «Балапан жұлдыз» жобасының бас продюсері Аружан Саин және қазылар алқасының мүшелері Бибігүл Төлегенова, Толқын Забирова, Айгүл Үлкенбаева, Мұрат Мұтұрғанов қатысады.
Жобаның басты мақсаты - еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас таланттарды жарыққа шығару.
Байқаудың ерекшелігі - түрлі жанрдың қамтылуында. Осыған дейінгі тәжірибемізде болмаған балет өнері, классикалық музыка аспаптарында ойнау, ерекше жанрларда өнер көрсету, яғни, цирк өнері. Цирк өнерін меңгерген кішкентай таланттар «Балапан жұлдыз» байқауының бас жүлдесінен үмітті.
Іріктеу барысында Қазақстанның әр шалғайынан, сан мыңдаған қатысушылардың ішінен тек жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлары таңдалды.
Ал, конкурсқа арнайы қонақ ретінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер шақырылды.
Жаңа жоба көрермендерді ерекше әсерге бөлейді.