Басты Жаңалықтар «Балапанның» 6 жылдығына арналған «Алақай, туған күн!» мерекелік шарасының бағдарламасы

«Балапанның» 6 жылдығына арналған «Алақай, туған күн!» мерекелік шарасының бағдарламасы

«Балапанның» 6 жылдығына арналған «Алақай, туған күн!» мерекелік шарасының бағдарламасы

25 қыркүйек сағат 11:00-де Астана қаласындағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «Балапан» телеарнасының туған күніне арналған іс-шара өтеді. Аталмыш шара «Алақай, туған күн!» тақырыбымен тікелей эфирге шығады.

Сондай-ақ, Алматы, Шымкент тағы да еліміздегі 5 қаламен тікелей байланыс орнатылады.

Шараның бағдарламасы:

* 20-ға жуық көрме ұйымдастырылады;

* 15-ке жуық үйірмелерден балалар қатысады;

* Лэд экраннан балалар телеарнаның хит әндерін караокеде шырқай алады;

* 5 ойын орталықтары орналастырылады;

* Балаларға сыйлықтар табысталады.

Сонымен қатар,

  • Саз балшықтан мүсін жасау
  •  Аквагрим бойынша мастер-кластар;
  • аппликация (түрлі түсті қағаз, мата, тері қиқымдарынан құрастырып салған сурет, өрнек);
  • фальгамен жұмыс;

Мереке кешкі 18:00-ге дейін жалғасады.

«Балапан» кішкентай көрермендерін асыға күтеді!

 

Бөлісу