Басты Жаңалықтар Қуыршақ туралы қызықты мәліметтер (ВИДЕО)

Қуыршақ туралы қызықты мәліметтер (ВИДЕО)

Қуыршақ туралы қызықты мәліметтер (ВИДЕО)

Қуыршақ туралы қызықты ақпараттарды білгің келсе, бүгін 16:00-де «Балапан» телеарнасының тікелей эфирінен «Бірге-бір» бағдарламасын тамашала.

 

«Бірге-бір»  бағдарламасы тікелей эфирге шығатын ойын-сауықтық бағдарлама. Ойында студия қонағы мен көрермен сайысқа түседі. Жарыс екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы – «Сөзжұмбақ».

Алдымен ортаға ойыншы шақырылады. Ол хабарласқан көрерменге үш сөзді іс-қимыл арқылы  жасырады.

Ал, көрермен қандай сөздер екенін табу керек. Әр сөзді табуға 15 секунд беріледі. Егер берілген 3 сөздің барлығын дұрыс тапса, екінші айналымға өтеді.

Екінші кезең – «Әнжұмбақ». Бұл айналымда  студия қонағы құлаққап киіп, әннің ырғағына қосылады.

Хабарласқан көрермен оның қандай ән орындап тұрғанын табуы керек. Егер барлық тапсырманы орындаса, «Бірге-бірдің» жеңімпазы атанады.

Бөлісу