«Балапан» телеарнасы дәстүрлі түрде фокус-топпен кездесу өткізді (ФОТО)

Бүгін «Балапан» телеарнасы дәстүрлі түрде фокус-топпен кездесу өткізді. Балалар өздерінің сүйікті арналарында көріп жүрген бағдарламалары туралы әңгімелеп, ойларын, ұсыныс-тілектерін ортаға салды.
Телеарнаның мультхикаялары мен бағдарламалары талқыланды. Сонымен қатар, балақайлар сүйікті кейіпкерлерінің суреттерін салып, ермексаздан мүсіндерін жасады. Әр сурет пен мүсіннен баланың қиялының ұшқырлығын байқауға болатын еді.
Кішкентай көрермендер сүйікті телеарнасына алғыс айтты. Олардың ұсыныс-тілектерін телеарна өкілдері ескеретін болады.
Кездесу соңында балалар «Балапан» телеарнасының жүргізушілерімен және осы шараны ұйымдастырушылармен естелік суретке түсті. Суреттерді Ұлттық арна сайтынан тамашалай аласыңдар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25
«Balapan» арнасында жаңа мультхикая
03.02.2025, 09:00
🏆 «Balapan» телеарнасы – «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық марапатына ие болды
16.01.2025, 20:00