«Балапан» телеарнасы «Ойлан, тап!» бағдарламасының жүргізушілеріне кастинг жариялайды
«Балапан» телеарнасы викториналық ойын-сауық «Ойлан, тап!» бағдарламасының жаңа маусымына жүргізушілер іздейді.
Кастингке 9-11 жас аралығындағы қазақ тілінде еркін сөйлейтін, алғыр, жүргізушілік қабілеті бар, камера алдында өзін еркін ұстайтын балалар қатыса алады.
Бағын сынап көргісі келетін өнерлі достарымыз 18 тамыз күні сағат 11:00-18:00 аралығында Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығына» келулері керек.
Айта кетейік, «Ойлан, тап!» бағдарламасы «Балапан» телеарнасының тікелей эфирінде болатын бағдарлама. Мақсаты: Тікелей эфирде көрерменмен интерактивті байланыса отырып, кішкентай достардың ғылыми-танымдық деңгейін арттыру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Қазақстан» РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасы өндіруші компаниялар арасында тележобалар байқауын жариялайды
08.07.2026, 14:30
«Кел, балалар, оқылық!» жобасы
25.05.2026, 09:49
Ресми мәлімдеме
12.05.2026, 15:55
«Би әлеміне самға!» мерекелік концерті
24.04.2026, 14:00
22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09