11 қараша 2021 жыл

«Balapan» арнасының анимациялық компаниялармен өткізген ашық талқылауынан

Питчингте анимация өндіруші компаниялар өз жобаларының маңыздылығы мен мақсатын жан-жақты баяндап, таныстыруға мүмкіндік алды. Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай «Balapan» телеарнасы отандық анимацияны дамытуда үздіксіз еңбек етіп келе жатқанын, сала мамандарының кәсіби легін қалыптастырып, бәселелестікті арттырғанын атап өтті. Ендігі ретте басты назарда - сапа болмақ. Ләззат Танысбай телеарна осы бағытта шығармашылық әлеуетін танытатын, халықаралық нарықта сұранысқа ие болатын бірнеше ауқымды мультхикая түсіруді қолға алатынын жеткізді.
Әлеуметтік желілерімізге қосыл!