02 қараша 2021 жыл

«Сөз шебері» жүргізушілер байқауының қорытындысы шықты

«Сөз шебері» жүргізушілер байқауының қорытындысы шықты

«Balapan» телеарнасының бас продюсері Сандуғаш Баймаханқызы қалалық «Сөз шебері» жүргізушілер байқауына қазылық етті.

Ол жас дарындардың өнеріне баға беріп қана қоймай, талантымен тәнті еткен №66 меклеп-лицейдің оқушысы Төлеуіш Мейірланға, №23 орта мектептің оқушысы Карина Тулеубековаға, №60 мектеп-лицейдің атынан бақ сынаған Анвар Ахметовке телеарна атынан арнайы сыйлықтар табыс етті. Жалпы байқау қорытындысы бойынша 4 жүлделі орын мен арнайы номинациялар тағайындалды.

Олардың өнеріне теле-радио, өнер саласынды қызмет етіп жүрген майталман мамандар баға берді.

«Сөз шебері» байқауының финалдық кезеңі М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының концерт залында 1 қараша күні өтті. Негізгі мақсат – жас таланттардың зияткерлік және шығармашылық қабілетін ашу, сөйлеу әдебі мен мәнерін қалыптастыру, мерекелік іс-шараларды жүргізу шеберлігін шыңдау.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!