01 маусым 2021 жыл

«Balapan» арнасында жаңа маусым!

«Balapan» арнасында жаңа маусым!

«Balapan» телеарнасы 1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай жаңа маусымның ең үздік жобаларын кішкентай көрермендердің назарына ұсынады.

Атап айтсақ, мереке күні қызық әрі ғибратты хикаялардан тұратын «Ойыншықтар» анимациялық жобасының тұсаукесері өтеді. Сондай-ақ, қауіпсіздік ережелерін, түрлі ситуацияларда өзін-өзі қалай қорғау керегін түсіндіретін «Байқа, балақай!» жобасы, табиғат құбылыстарының құпиясын ашатын «Табиғат таңғажайыптары» хабары да жарық көреді.

Сонымен қатар, бұл күні телеарна қорындағы мерекелік бағдарламалар мен көрермен көзайымына айналған таңдаулы анимациялық сериалдар да эфирден көрсетіледі.

Бұдан бөлек, отбасылық құндылықтарды насихаттайтын «Көңілді жексенбі», халқымыздың қоршаған орта жайлы аңыздарынан сыр шертетін «Ғажайып өлке» бағдарламалары назарларыңа ұсынылады. Сондай-ақ, «Аполлонның ерліктері» шытырман оқиғалы мультхикаясын 1 маусымнан бастап тамашалай аласыңдар!


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!