«Алғыр алтау» атты бағдарламаның түсірілімі басталды

«Балапан» телеарнасы жаңа интеллектуалдық бағдарлама ұсынады. Балалардың білімін анықтауға бағытталған «Алғыр алтау» жобасының түсірілімі басталды.
Зияткерлік бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрады. Ойынға 7-14 жас аралығындағы сыныптастар, достар, бауырлар қатысады. Үш топ өзара сайысады. Бір топта екі адам болады. Қатысушылардың бірі алдыңғы қатарда тұрып, сұрақтарға жауап берсе, екіншісі оқшауланған бөлмеде ойнайды. Әр бағдарламада анықталған жеңімпаздар «супер ойынға» жолдама алады.
Бағдарлама жүргізушісі – қазақстандық белгілі актер Дастен Шәкіров.
Қызықты да, тартысты ойынға қатысқың келсе, іріктеуге кел!
Байланыс нөмірі: 8 708 766 89 84
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25
«Balapan» арнасында жаңа мультхикая
03.02.2025, 09:00
🏆 «Balapan» телеарнасы – «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық марапатына ие болды
16.01.2025, 20:00