11 мамыр 2021 жыл

«Balapan» арнасында «Miss Kaussar» жобасы көрерменге жол тартады

«Balapan» арнасында «Miss Kaussar» жобасы көрерменге жол тартады

Танымдық және ағартушылық бағыттағы жаңа «Miss Kaussar» жобасының басты мақсаты - кішкентай көрермендердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Бағдарлама жүргізушісі, Лондон бастауыш мектебінің 4-сынып оқушысы Кәусар Қараман ағылшын тілін енді меңгере бастаған балаларға амандасудан бастап, күнделікті өмірде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін үйретеді. Оған қоса балалар сұрақ қою, жауап беру, өлең айту сияқты дағдыларын да жетілдіреді.

Бағдарлама Ұлыбританияда түсіріледі. Сондықтан жүргізуші Кәусармен бірге Лондонның көрікті жерлерін аралап, Тауэр көпірі, Биг-Бен мұнарасы, Трафальгар алаңы сияқты жерлерді тамашалайсыңдар.

Көрермен Кәусармен бірге жаңа сөздердің дыбысталуын үйренеді, есте сақтайды, тыңдау, сөйлеу дағдылары дамып, қалыптасады.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!