09 қыркүйек 2020 жыл

«Balapan» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды

«Balapan» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды

«Balapan» телеарнасы 2021 жылға арнап аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды. Өтінімдер 2020 жылдың 14 қыркүйегі 14 қазаны аралығында balapantv@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

Жобалардың презентациялық нұсқасы Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 4-үй, 4-қабат, 016-кабинет, «Balapan» телеарнасының кеңсесіне міндетті түрде жеткізілуі тиіс.

Қатысушы аутсорсинг компанияның анимация, телевизия саласындағы тәжірибесі болуы шарт.

Толық ақпаратты 8(7172)75-70-89 телефонына немесе balapantv@kaztrk.kz электронды поштасына хабарласып алуға болады.

Бағдарламаның жанрлық бағыты:  

- оқу-танымдық анимациялық сериалдар (экологиялық сауаттылық; тұлғатану; жалпы сауат ашу; ағартушы-энциклопедиялық; қауіпсіздік ережелерімен таныстыратын бағыттарда);

- танымдық анимациялық сериалдар (этно-фольклорлық; табиғаттану; эпостық жырлар сериясы) 

- шытырман оқиғалы анимациялық сериалдар (суперқаһармандар, тсс);

- ойын-сауықтық анимациялық сериалдар;

- музыкалық анимациялық сериалдар;

- оқу-танымдық бағдарламалар;

- ойын-сауықтық бағдарламалар;

- ситкомдар;

- телехикаялар;

- спорттық жобалар (отбасылық спорттық шоу; кәсіби спортты насихаттайтын бағдарлама, тсс.) бағыттарында түрлі ұсыныстар күтеміз. 

«Balapan» телеарнасы көркемдік кеңестің талқысынан өткен жоба авторларына ғана хабарласатынын мәлімдейміз.

Телевизиялық жобаларды іріктеуге арналған байқауға қатысу туралы өтінішті ЖҮКТЕП АЛУ

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!