«Балапан жұлдыз» жас таланттар байқауының 2-ші маусымының түсірілім жұмыстары басталды

«Балапан жұлдыз» жас таланттар байқауының бейнеүзік бойынша іріктеу кезеңіне 800-ге жуық өтініш келіп түсті. Өтініштер Қазақстанның түкпір-түкпірінен жолданған. Әсіресе, Алматы, Астана, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Ақтау өңіріндегі балалар белсенділік танытты.
800-ге жуық үміткердің ішінен «Балапан жұлдыз» байқауының 2-ші маусымына 84 бала таңдалып алынды. Яғни, әр маусымға 42 талапкер қатысып, өз өнерлерін көрсетіп жатыр.
Бүгінгі таңда байқаудың бірінші маусымының түсірілім жұмыстары аяқталып, жеңімпаздар анықталды.
25 шілдеден бастап «Балапан жұлдыз» байқауының 2-ші маусымының түсірілім жұмыстары басталып кетті. 8 бала іріктеу кезеңінің 2-ші айналымына жолдама алды. Алдағы 2 аптада байқаудың 2-ші маусымының түсірілім жұмыстары жалғасын табады.
Жоба эфирге қыркүйек айынан бастап шығады.