Басты Жаңалықтар «Көжектер» мультхикаясы. «Қорқақ» қыз «батыр» теңіз қарақшыларын құтқарады

«Көжектер» мультхикаясы. «Қорқақ» қыз «батыр» теңіз қарақшыларын құтқарады

«Көжектер» мультхикаясы. «Қорқақ» қыз «батыр» теңіз қарақшыларын құтқарады

Үркек пен Маймо қыздардың барлығын қорқақ деп санайды. Сондықтан, өздерінің кейбір ойындарына Үрпекті шақырмайды.

Бір күні екі «батыр» теңіз қарақшылары болып ойнайды. Қызу ойынды көрген Үрпек ойнағысы келетінін айтады. Бірақ, олар «Сен теңіз қарақшысы бола алмайсың, яғни, бұл – қыздардың ойыны емес» деп ойнауға рұқсат бермейді.

Бір кезде қатты дауыл жел соғып, Үркек пен Маймо ұшып кетеді. Маймо кеме желкенін түсіре алмай, амалсыздан, көмек сұрай бастайды. Үрпек парашютпен оларды құтқарады.  

Сол күннен бастап достар бөлінбей ойнап, бір-бірін әрқашан қолдап жүруге уәде берді.  

Көңілді көжектер туралы мультхикая бүгін 20:25-те «Балапан» телеарнасында болады. 

Бөлісу