Басты Жаңалықтар «Квест». Кітаптың парақтарын іздеп табайық

«Квест». Кітаптың парақтарын іздеп табайық

«Квест». Кітаптың парақтарын іздеп табайық

Күн Жер бетіне жылуын төгіп, айналаны нұрландырды. Алаңдар жайқалған гүлдерге толып, ағаштар бүршік атты. Құстар даланы әсем әнге бөледі. Осындай ерекше күні кішкентай ғана кітапханада қызықты бір оқиға болды. Кітапханашы, әдеттегідей, таңертең жұмысқа келсе, кітаптар шашылып жатыр. Тіпті, кейбір кітаптардың парақтары да жетіспейді.

Қанекей, балалар, кітаптарды ретке келтіріп, жетіспейтін бөліктерін іздеп табайық.

Бүгінгі «Квест» бағдарламасының ойыншылары: Ерәділ Нұрхан, Аружан Кәдірхан, Дамелия Әділхан, Таңшолпан Шәріпбай.

Бағдарламаны 15:10-да «Балапан» телеарнасынан көріңдер. 

Бөлісу