«Балапан жұлдыз» жас таланттар байқауының финалына 110 бала өтті

«Балапан» телеарнасы ұйымдастырған «Балапан жұлдыз» байқауына қатысуға 500-ден астам өнерпаздан ұсыныс қабылданды.
Қазылар алқасы байқаудың алғашқы айналымында өнер көрсететін 110 баланы іріктеп алды. Солардың ішінен ең мықтылары финалға жолдама алады.
Еліміздің түпкір-түпкіріндегі жас өнерпаздардың вокалмен, цирк өнері және хореографиямен айналысып, фортепиано, домбыра, скрипка, флейта, гитара сияқты түрлі аспаптарда ойнауы қуантарлық жағдай. Біз бұл балаларды қазірдің өзінде жеңімпаз деп атай аламыз.
Болашағынан зор үміт күттіретін, талмай еңбектеніп жүрген жас дарындарға қолдау көрсетейік!
«Балапан жұлдыз» байқауының сахнасында өнер көрсететін балаларға сәттілік тілейміз!
Жоба эфирге қыркүйек айынан бастап шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25
«Balapan» арнасында жаңа мультхикая
03.02.2025, 09:00
🏆 «Balapan» телеарнасы – «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық марапатына ие болды
16.01.2025, 20:00