Басты Жаңалықтар Ең ақылды көжектер «Балапан» телеарнасында

Ең ақылды көжектер «Балапан» телеарнасында

Ең ақылды көжектер «Балапан» телеарнасында

Мультхикаяның желісі кейіпкерлердің, екі көжектің бастарынан кешкендері туралы баяндайды. Басты кейіпкерлер – бірі орман шетіндегі қояндар отбасының үйінде тұратын көжек болса, екіншісі – орманда мекендейтін қояндардың көжегі. Екеуі де епті, жайдары және өте білімпаз.

Хикая бөлек әлемде (алаңқай мен орманда) мекендейтін қос көжектің достығы туралы баяндайды. Әрқайсысы үшін жұмбағы көп, тылсым дүниемен танысу барысында көжектер көптеген қызықты оқиғаларды өткереді.

Олардың бірі үй тұрмысынан ғана хабардар болса, екіншісі тек өз орманы туралы ғана біледі. Осылайша, көжектер бір-біріне өз «әлемдерін» көрсетіп, ондағы жөн-жосықпен таныстырады. Қос кейіпкер хикаяттың әр сериясында кішігірім болса да, өздері үшін маңызды бір жаңалық ашып, бір сұрақтың жауабын алып, бір мәселені шешеді.

«Көжектер» мультхикаясы эфирге сенбі, жексенбі күндері 12:50-де шығады. 

Бөлісу