«Балапан» телеарнасынан «Квест» атты жаңа бағдарлама эфирге шығады (ВИДЕО)
Ертең 14:10-де «Балапан» телеарнасында жаңа «Квест» бағдарламасы болады.
Бағдарламаға 5 ойыншыдан құрылған топ қатысады. Бағдарламаның басында жүргізуші қатысушылармен танысып, қолдарына ортақ тапсырма планшетін береді.
Ойын үш кезеңнен тұрады. Әр кезең Квест ойынының ережесіне сәйкес түрлі «сынақ» бөлмелерінде өтеді. Логикалық есептер мен тапсырмалар арқылы қатысушының ойлау қабілеті тексеріледі.
Ережеге сәйкес, қатысушылар жасырын сөзді шешіп, құлыптаулы бөлмеден қашып шығуы қажет. Ақтық мәреге топ ұйымшылдығына байланысты қатысушылардың барлығы немесе бірнеше ғана қатысушы жетуі мүмкін.
«Квест» бағдарламасы эфирге әр сенбі, жексенбі күндері шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы31 желтоқсан күні «Қызық әлем» бағдарламасының мерекелік шығарылымы көрермен назарына ұсынылады
30.12.2025, 18:48
«Жаңа жылыңмен, Balapan!»
30.12.2025, 18:35
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25