Басты Жаңалықтар Туған күніңмен, Астана!

Туған күніңмен, Астана!

Туған күніңмен, Астана!

Биыл – Астанаға 18 жыл. Ресми түрде мейрам 4 шілдеден басталды.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы 20 қазан Елбасы астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды.

1998 жылы мамырдың 6-ында Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Осы жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Астана – Бейбітшілік қаласы» медалімен марапатталды. 2006 жылға дейін 10 маусым елорданың туған күні ретінде тойланып келді. 2008 жылдан бастап шілденің 6-ы Астана күні ретінде аталып өтеді.

Астана қаласының бас жоспарын жапониялық сәулетші Кисе Курокава жасаған.

Айта кетейік, 4 шілдеде Астананың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді.

Бөлісу