Бүгін - Журналистер күні

«Газет – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі», - деп, Ахмет Байтұрсынов бекер айтпаған. Журналист бұқара халықтың мұңын шағып, жоғын жоқтап қана қоймай, билік басындағы шенеуніктер, ел жағдайы, экономика, саясат – барлығын дерлік бір мезетте қамтитын жан-жақты тұлға.
Журналист – сауатты, білім көкжиегі кең, өрелі, жаңалыққа құмар, әлемде болып жатқан барлық оқиғалар мен болмыстарға өз көзқарасын білдіре алатын адам.
Әуелде Қазақстанның журналистикасы күні 10 мамырда аталып өтті. Себебі, 1870 жылы дәл осы күні «Түркістан уәлаяты газетінің» алғашқы саны жарық көрді.
1997 жылы бұл дата өзгертіліп, журналистердің кәсіби мерекесі БАҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан күн 28 маусымға белгіленді.
2011 жылдың қазанында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі кәсіби және басқа да мерекелер тізімінің жаңа редакциясын мақұлдады. Оған сәйкес, 28 маусым Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып бекітілді.