6 шілдеде «Балапан» телеарнасында «Астанадағы 1 күнім» бағдарламасы болады

«Балапан» телеарнасы 6 шілде – Астана күніне орай балаларға арналған «Астанадағы 1 күнім» атты танымдық, ойын-сауықтық бағдарлама ұсынады. Түсірілімге жыл бойы белсенділік танытып келген «Балапан» арнасының 15 көрермені таңдалып алынды.
Астана қаласын көруді арман еткен кішкентай достарымыз 1 күн ішінде қаланың көрікті жерлерін тамашалап, мәдени орындарға саяхат жасайды. Түсірілім тобы әр балаға күнделік арнамақ. Күнделікте қатысушы қуанышы мен таңданысын, арманы мен ойын жеткізе алады. Осылайша, сүйікті арнасының мұрындық болуымен балалар арман еткен Астананы аралап шығады.
«Астанадағы 1 күнім» бағдарламасында балалар «Бәйтерек», «Ұлттық мұражай», «Ұлттық академиялық кітапхана», «Хан шатыр» және «Мимиория» сияқты қаланың көрікті жерлері мен мәдени және ойын-сауық орталықтарын аралайды.