Басты Жаңалықтар Алматыда математика пәні бойынша республикалық турнир басталды

Алматыда математика пәні бойынша республикалық турнир басталды

Алматыда математика пәні бойынша республикалық турнир басталды

Алматыда бастауыш сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша  ІХ республикалық турнир басталды. Оған еліміздің барлық өңірінен жалпы білім беретін лицей, гимназия, мектеп-интернаттарынан 135 үміткер қатысып жатыр.

Үш күнге жалғасатын білім бәйгесінде 2-4 сынып оқушыларынан құралған 45 команда 3 кезең бойынша бақ сынайды. Додада оқушыларға математика пәнінен есептер, топтық жұмыстар, ойды жетілдіретін тапсырмалар беріледі.

Бөлісу